$ 544.26 € 634.72 ₽ 6.52

Мәжіліс депутаттарға мінберден анасын құттықтауға рұқсат берді

Абдрахманов Мағжан
18 қыркүйек 2025 15:02 889
Мәжіліс депутаттарға мінберден анасын құттықтауға рұқсат берді Сурет авторы: видеодан кадр

Мәжіліс депутаттарына мінберден анасын құттықтауға рұқсат етілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

2025 жылғы 10 қыркүйектегі Мәжілістің пленарлық отырысында депутат Ардақ Назаров анасын туған күнімен құттықтаған еді. Осы оқиғаға байланысты берілген ресми жауапта оның әрекеті Парламент пен Мәжіліс регламентін де, депутаттық этика ережелерін де бұзбағаны айтылған. Сонымен бірге Мәжілісте парламент мінбері тек өз мақсатына сай пайдаланылуы тиіс екенін атап өтті.

Ардақ Назаровтың өзі де бұл қадамды қате деп есептемейді.

"Мен адам өлтірген жоқпын, ештеңе бүлдірген жоқпын. Тек анама құрмет көрсеттім. Мұнда ешқандай әбестік жоқ. Парламентте ешкім мені сөккен жоқ. Керісінше, басшылық та, әріптестерім де қолдау білдірді", – деді депутат.

Сонымен қатар оның әрекеті этика комиссиясында да қаралмаған.

Еске салайық, бұған дейін Назаров Мәжіліс отырысында анасын туған күнімен құттықтап, жұртшылықтың назарын аудартқан болатын.

Соңғы жаңалықтар