$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

"Майқайыңалтында" шұңқырға құлаған тағы бір құтқарушының денесі жарты жылдан соң табылды

Редакция
19 шілде 2024 09:35 4158
"Майқайыңалтында" шұңқырға құлаған тағы бір құтқарушының денесі жарты жылдан соң табылды Сурет авторы: Төтенше жағдайлар министрлігі

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Мәйіт 70 метр тереңдікте табылған. Ол 4 қаңтарда үш әріптесімен бірге автобуспен жұмыс істемейтін шахтаға құлап кеткен еді. Ол кезде оқиға орнынан екі адамның денесі табылған болатын.

"Майқайыңалтын" АҚ бас директоры Қайролла Жүрсінбаев Informburo сайтына взвод командирінің орынбасары Айдос Шаймерденовтің денесі табылғанын айтқан. 

"Оны таңертең 05:30 шамасында таптық. 13:30-ға дейін денені бүтін етіп шығарып алды. Эскалатор денені зақымдауы мүмкін. Кейін полиция келіп, барлық процедура басталды. Ертең біз іздеуді жалғастырамыз. Бүгін денені шығарып жатқанда барлығы моральдық күйзеліске ұшырады", – деді Қайролла Жүрсінбаев Informburo.kz тілшісіне.

Қазір қаза тапқан төртінші адамның денесі іздестіріліп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар