$ 456.88 € 534.64 ₽ 5.47

Мәулен Әшімбаев вице-президенттікке тағайындалу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді

Абдрахманов Мағжан
23 тамыз 2026, 08:43
Мәулен Әшімбаев вице-президенттікке тағайындалу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді Сурет авторы: Bizmedia.kz

Мәулен Әшімбаев Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс бергеннен кейін өзінің вице-президент қызметіне тағайындалуы мүмкін деген болжамдарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы BES.media хабарлады.

Әшімбаев Құрылтай сайлауын елдегі реформалардың маңызды кезеңі әрі тарихи күн деп атады. Оның айтуынша, реформалардың жаңа кезеңі биыл наурызда жаңа Конституция қабылданғаннан кейін басталған.

Ол жаңа Ата заң ел дамуының жаңа бағытын айқындап, мемлекеттік билікті ұйымдастыру жүйесін өзгерткенін атап өтті.

Журналистер Әшімбаевтан оның вице-президент болып тағайындалуы мүмкін деген болжамдарға қатысты сұрады. Ол мұндай мәселені қазір талқылау дұрыс емес екенін айтты.

Ал алдағы жоспары туралы сұраққа жауап берген Әшімбаев бұл жөнінде бұған дейін де бірнеше рет пікір білдіргенін еске салды. Оның сөзінше, әр салада еңбек етіп жүрген азаматтардың Президент саясаты төңірегінде бірігуі маңызды.

Әшімбаев Сенат төрағасы қызметімен қалай қоштасқанына да тоқталды. Оның айтуынша, қызметпен ұзақ қоштасудың қажеті болмаған. Брифинг өткізіп, негізгі ойларын айтқанын жеткізді.

Сенаттағы жұмысын қорытындылаған Әшімбаев өзіне жүктелген маңызды міндетті атқара алғанына қанағаттанатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар