$ 522.19 € 606.42 ₽ 6.47

Ресейде Тоқаевты «Жоғары мәртебелі» деп қарсы алды

Абдрахманов Мағжан
11 қараша 2025 19:35 777
Ресейде Тоқаевты «Жоғары мәртебелі» деп қарсы алды Сурет авторы: Kazinform

Ресей астанасының көшелерінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапарына арналған арнайы баннерлер мен электронды билбордтар ілінді.

Мәскеудің орталық даңғылдарында орнатылған электронды тақталарда Мемлекет басшысының бейнесі мен жазу орналастырылған.

«Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза, Ресей Федерациясына қош келдіңіз!», – делінген онда.

Бұл жазу ресми хаттамаға сай әзірленіп, құрметті дипломатиялық этикет бойынша орналастырылған.

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев Telegram-арнасында бұл жайтты атап өтті.

«Күткендей, ресми протокол сақталды. Мәскеу көшелері Қазақстан Президентін “Жоғары мәртебелі” деген жазумен қарсы алып жатыр», – деп жазды.

Бұған дейін ол Ресей Президенті Владимир Путиннің 2024 жылғы қараша айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде де осындай «Your Excellency» (Жоғары мәртебелі) деген дипломатиялық формуланың қолданылғанын еске салған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары 11–12 қараша күндері өтеді. Күн тәртібінде Владимир Путинмен келіссөздер мен екі ел арасындағы өңіраралық форум бар.

Соңғы жаңалықтар