Мәскеуде Қазақстан азаматын үш күн азаптап, соғысқа баруға мәжбүрлемек болған
Сурет авторы: РИА Новости / Алексей Куденко
Қазақстандық Жазылбек Әжіғалиевті Мәскеуде ресейлік полиция азаптап, соғысқа баруға мәжбүрлеген. Бұл жөнінде оралдық азаматтық белсенді Маруа Ескендірованың сөзіне сүйенген «Уральская неделя» басылымы жазды.
Белсендінің айтуынша, үш баланың әкесі Жазылбек Әжіғалиев былтыр желтоқсан айының басында бауырымен бірге нәпақа табу үшін Мәскеуге барған. Ол жерде клиникаға медицина қызметкері ретінде жұмысқа орналасып, тіркеу рәсіміне өтініш берген. Алайда 18 қаңтар күні көші-қон қызметі құжаттарын алып кетуді сұрағаннан кейін, келесі күні сол мекемеге барған сәтінде ресейлік полицейлер тарапынан ұсталған.
Маруа Ескендірованің сөзінше, Әжіғалиевтің басына қара қап кигізіп, электрошокермен соққан. Оны үш күн бойы учаскеде ұрып-соғып, азаптаған. Осы уақыт аралығында әскери комиссариат қызметкерлері бірнеше рет келіп, оны соғысқа баруға үгіттеп, келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеген.
Белсендінің айтуынша, Әжіғалиев соғысқа барудан үзілді-кесілді бас тартып, өзін Қазақстанға депортациялауды талап еткен. Нәтижесінде 21 қаңтарға қараған түні ол Алматыға ұшатын рейспен елге қайтарылып, бес жылға Ресейге кіруге тыйым салынған.
Қазіргі таңда оның туыстары Қазақстанның мемлекеттік органдарынан ресейлік полицияның әрекетіне ресми баға беруді сұрап отыр. Алайда қазақстандық құқық қорғау органдары бұл жағдайға әзірге пікір білдірмеген.
Маруа Ескендірованің Азаттыққа айтуынша, бауыры қатты күйзеліске түскен және арыз жазудан бас тартып отыр. Ол бұл оқиғаны жария ету арқылы Ресейге жұмыс іздеп баруды жоспарлаған қазақстандықтарға ескерту жасағысы келетінін айтты.
Соңғы жаңалықтар
-
Ваш выбор не просто галочка в бюллетене, а веское слово за Народную Конституцию – Токаев обратился к молодежи
9 сағат бұрын
-
Тоқаев – жастарға: өз есімдеріңізді Қазақстан тарихына жаза аласыздар
10 сағат бұрын
-
Тоқаев ірі банктердің бірыңғай QR-төлем жүйесіне қосылуды кешіктіріп жатқанын сынға алды
14 сағат бұрын
-
АҚШ грин-карта лотереясына жаңа ережелер енгізді
15 сағат бұрын
-
Болашақ зейнеткерлер 300 мың теңге төлем алу үшін қанша жинау керек?
17 сағат бұрын
-
68 секунд ішінде қалай арманыңызға жетуге болатыны дәлелденді
19 сағат бұрын
-
Израиль мен АҚШ арасындағы қатынас нашарлауы мүмкін
19 сағат бұрын
-
Салық реформасынан кейін қазақстандықтар азық-түлік пен киім-кешектен үнемдей бастады
19 сағат бұрын
-
«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта көрсетіледі
20 сағат бұрын
-
Қазақстандық әйелді Польшада өлтіріп кетті
21 сағат бұрын
-
Аустралиядағы жасөспірімдер тыйымға қарамастан, әлеуметтік желілерді әлі де қолданып жүр
21 сағат бұрын
-
Елімізде мас жүргізушілерді тексеру тәртібі өзгереді
21 сағат бұрын
-
Иранның жаңа көсемі алғашқы ресми мәлімдемесінде не айтты?
21 сағат бұрын
-
Референдумды сылтау еткен алаяқтар шықты
22 сағат бұрын
-
«Өз бастарың үшін қауіпті»: Трамп ирандық футболшыларға ескерту жасады
22 сағат бұрын
-
Атырау облысында оқу-жаттығу кезінде сарбаз қаза тапты
22 сағат бұрын
-
Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасы атанады
22 сағат бұрын
-
Түркістанда Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Ордабасы тұрғындарымен кездесті
1 күн бұрын
-
Қазақстанға Ираннан қауіп бар ма? Елші пікір білдірді
1 күн бұрын
-
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ тілінің болашағы жарқын
1 күн бұрын
-
Иран АҚШ-ты әскери қылмыста айыптады
1 күн бұрын
-
Өмірді қиындататын адамдар қартаюды тездетеді
1 күн бұрын
-
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы жараланған – Reuters
1 күн бұрын
-
Атаулы әлеуметтік көмек (АСП) алушылардың банктік шоттары тексерілуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Хезболлах пен Иран Израильге 150 ракетамен шабуыл жасады
1 күн бұрын
-
Жұмыс бар, бірақ жастар неге жұмыссыз?
1 күн бұрын
-
Қазақстанда жол камералары жаңа тәртіп бұзушылықтарды тіркей бастады
1 күн бұрын
-
WhatsApp-та балалардың қауіпсіздігі күшейеді: жаңа функция қалай жұмыс
1 күн бұрын
-
Трамп «жеңдік» деді, бірақ соғыс ушығып барады: мұнай бағасы тағы өседі
1 күн бұрын
-
Мұнай бағасы $100-ға жетті: әлем елдері төтенше қорларын ашуға мәжбүр
1 күн бұрын
-
Қазақстан жалған құжат рәсімдеген ресейліктерді елден шығаруы мүмкін
1 күн бұрын
-
Жас ұрпақтың үні: сарапшы референдумның не себепті жастардың болашағы үшін тағдыршешті болатынын айтты
2 күн бұрын
-
NURORDA ALMATY ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН «ЕҢ ҮЗДІК ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП» АТАНДЫ
2 күн бұрын
-
15 наурызда Астана мен Алматыда қоғамдық көлік тегін болады
2 күн бұрын
-
Аяздың беті қайтты: Қазақстандықтарды апта соңында не күтіп тұр?
2 күн бұрын
-
Алматыда суррогат ана тапсырыс берушілерден 7,5 млн теңге талап етіп отыр
2 күн бұрын
-
Nauryz Sale: 10 күн бойы еліміздің ірі дүкендерінде бағалар төмендейді
2 күн бұрын
-
Иран Ормуз бұғазын миналай бастады
2 күн бұрын
-
Таяу Шығыстағы қақтығыс: FlyArystan Ақтау – Дубай рейстерін уақытша тоқтатты
2 күн бұрын
-
Қазақстанда кімдер 2-3 миллион теңге жалақы ала алады: Еңбек министрлігінің мәліметі
2 күн бұрын
-
Жәнібек Әлімханұлы IBF чемпионы атағынан айырылды
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтар IT және жасанды интеллект мамандықтарын тегін меңгере алады
2 күн бұрын
-
11 күнде 1300 өлім: Тегерандағы қанды статистика
2 күн бұрын
-
Мемлекеттік кірістер комитеті өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тексере бастады
2 күн бұрын
-
Қазақстан атом технологияларын қауіпсіз пайдалану қағидаттарын берік ұстанады
3 күн бұрын
-
Қазақстанда вакцинадан бас тарту 8 жылда 5 есеге жуық артқан
3 күн бұрын
-
Иран Ормуз бұғазын ашады: Бірақ бір шартпен
3 күн бұрын
-
Қазақстан Ресейден келетін көліктерге утилалымды арттырады
3 күн бұрын
-
Грузияда ата-анасының қарауынсыз қалған 7 жасар қазақстандық қыз елге қайтарылды
3 күн бұрын
-
Зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану мүмкіндігі жыл соңына қарай қайтарылуы мүмкін
3 күн бұрын