$ 463.91 € 544.63 ₽ 6.26

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды

Абдрахманов Мағжан
13 мамыр 2026, 16:11
Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарды Сурет авторы: Liter.kz

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық кәсіпкер Азамат Қапенов өзіне тағылған айыптарды теріске шығарды. Ол әлеуметтік желідегі видеомәлімдемесінде Қазақстаннан қаржы жымқырып, шетелде жасырынды деген ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін айтты.

Кәсіпкердің сөзінше, өз отбасына тиесілі Евротрансгрупп Қытаймен шекарадағы Достық станциясында логистикалық порт салып жатыр. Жоба 51 гектар жеке меншік жерге банк несиесі есебінен жүзеге асырылған.

Қапенов құрылыс 2022 жылы басталғанын, ал 2023 жылдан бастап нысан айына шамамен 1 млн доллар табыс әкелгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, Достық Қазақстан мен Қытай арасындағы негізгі логистикалық тораптардың бірі саналады.

Сонымен қатар ол Bereke Bankке қатысты рейдерлік туралы арыздары қараусыз қалғанын айтып, бұл мәселеге қатысты қосымша ақпарат жариялайтынын жеткізді.

Бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігі 2024 жылы Қапеновке халықаралық іздеу жариялаған. Ол ҚазТемірТрансте жұмыс істеген кезде қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген. Ресми мәлімет бойынша, мемлекетке келтірілген шығын 5,2 млрд теңгеден асады.

Сот шешімімен Достықтағы терминалды мемлекет меншігіне қайтару туралы үкім шыққан. 2025 жылы Қапенов Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталып, кейін босатылған.

Соңғы жаңалықтар