Марат Башимов: Қоғамдық палата – қоғамдық демократияның тиімді институты
Әділдік, теңдік, адам құқықтарын қорғау және қоғамдық институттарды дамыту – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатының басты қағидаттары. Осы құндылықтарды іске асыруда Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата маңызды рөл атқарып келеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Марат Башимов «24KZ» арнасындағы өзінің авторлық бағдарламасында айтты.
Депутаттың айтуынша, Қоғамдық палата елдегі демократиялық процестер мен саяси мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосып келеді.
«Қоғамдық палата – заң шығару барысында халықтың пікірін ескеретін қоғамдық институт. Бұл – билік пен қоғам арасындағы ашық диалог алаңы. Оның жұмысы – Президент реформаларының табысты жүзеге асуының айғағы», – деді Марат Башимов.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пікірталастар көшеде емес, Парламент қабырғасында жүруі керек екенін бірнеше рет атап өткен болатын. Осы бағытта Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палата өз миссиясын абыроймен атқарып келеді.
Палата бүгінде Президенттің Жолдауларында көрсетілген стратегиялық бастамаларды, соның ішінде цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу үдерісін қолдап отыр.
«Жуырда жасанды интеллект туралы заң қабылданды, парламенттік тыңдалым өтті. Қазір Цифрлық кодекс әзірленіп жатыр. Осы процестердің барлығына Қоғамдық палатаның сарапшылары белсенді қатысып жатыр», – деді депутат.
Сонымен қатар Марат Башимов Қоғамдық палата Парламент пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы байланыс көпіріне айналғанын айтты.
«Мәжіліс пен Қоғамдық палата арасында сенімді әріптестік қалыптасты. Депутаттар палата мүшелерінің ұсыныстарына ерекше мән беріп, заң жобаларын сол негізде жетілдіріп келеді», – деді ол.
2022 жылы құрылған сәттен бастап Қоғамдық палата жүздеген талқылау өткізіп, маңызды заңдарға түзетулер енгізді. Өңірлерде көшпелі отырыстар ұйымдастырылып, жергілікті өзін-өзі басқару, денсаулық сақтау, сайланған әкімдердің жұмысы, электрсамокаттар мен кальянға қатысты заңдардың орындалмауы, онлайн-курстар мен коучинг нарығының реттелуі секілді мәселелер қаралды.
Марат Башимов қоғам сенімін нығайту үшін заңдардың тиімді орындалуы маңызды екенін атап өтті.
«Заң бар, бірақ орындалмайды. Бұл қоғамның сенімін әлсіретеді. Сондықтан Қоғамдық палата тек заңдарды талқылап қана қоймай, олардың тиімділігін арттыру жолдарын ұсынуы қажет», – деді депутат.
Депутаттың айтуынша, алдағы уақытта Қоғамдық палата бизнес заңнамасын қайта қарау, демографиялық үрдістерді зерттеу және саяси реформалар төңірегінде қоғамдық пікірталастар өткізу бағытында жұмысын жалғастырады.
Соңғы жаңалықтар
-
Алматыда Қала күні: 200 тоннадан астам алма ұсынылған ауқымды жәрмеңке басталды
1 күн бұрын
-
«Таза Қазақстан» акциясы аясында елордада ағаштар отырғызылды
1 күн бұрын
-
Алматыда жастар үшін толықтай тегін жаңа кеңістік есігін айқара ашты
2 күн бұрын
-
Қазақстанды «орта мемлекет» деуге тілім бармайды – Захарова
2 күн бұрын
-
Алматыда электр самокат тізгіндеген ер адам жол апатынан көз жұмды
2 күн бұрын
-
Сотқа 10 күн қалғанда Санжар Боқаевты Астанаға ауыстырған
2 күн бұрын
-
Жаңа вирус па, әлде маусымдық сырқат па: Қазақстанда қыркүйек айында қанша адам сырқаттанып қалды
2 күн бұрын
-
«Жалған тіркеуге» тосқауыл: Алматыда тұрғындарды тіркеу ережесі өзгерді
2 күн бұрын
-
«Өз елдеріңде өліңдер»: Таиланд премьер-министрі шетелдіктерге қатысты даулы мәлімдеме жасады
2 күн бұрын
-
Сұсты да сұлу Осинов асуын айналып өтетін трасса 9 жылға созылған құрылыстан соң ашылуға жақын қалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жаңа iPhone 18 Pro бағасы белгілі болды
2 күн бұрын
-
Үндістанда ұсталған мұнай танкерінде Қазақстан азаматы бар
2 күн бұрын
-
Бұрынғы Премьер-Министр Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаны басқаруды жалғастырады
2 күн бұрын
-
Құрылтай сайлауын өткізген Нұрлан Әбдіров қызметінде қалды
2 күн бұрын
-
АЖАРЛЫ АЛМАТЫ: МИЛЛИОНДАР БӘЙГЕСІ, СҮЗГІДЕН ӨТКЕН ТУЫНДЫЛАР ЖӘНЕ БАСТЫ ҮЗДІК ТАНЫЛҒАН СУРЕТ
3 күн бұрын
-
Қазақстан мен Кореяның атом энергетикасындағы серіктестігі не береді – сарапшы
4 күн бұрын
-
Қазақстандағы 2,6 мың ауыл мектебіне жасанды интеллект енгізілмек
4 күн бұрын
-
Абай облысының жастары жасанды интеллект көмегімен қосымша жасап үйренді
4 күн бұрын
-
Әуезов театры 100-маусымын үлкен премьерамен қорытындылайды
4 күн бұрын
-
Адвокат Санжар Боқаевтың соты қашан басталатынын айтты
5 күн бұрын
-
Демалыс күндері қанша сағат ұйықтаған дұрыс
5 күн бұрын
-
Жасанды интеллект министрлігі ұшақтардағы интернет қашан пайда болатынын айтты
5 күн бұрын
-
УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді
5 күн бұрын
-
Банктер арасында енді 1 миллион теңгеге дейін ақша аударуға болады
5 күн бұрын
-
Тоқаев Оңтүстік Кореямен бейбіт атом бойынша серіктестік орнатуды ұсынды
5 күн бұрын
-
Отбасы банк ислам ипотекасының қашан іске қосылатынын айтты
5 күн бұрын
-
TikTok 86 миллионнан астам парақшаны жойды: ЖИ жасаған видеоларға бақылау күшейді
5 күн бұрын
-
АҚШ-та қазақстандық әйел ұсталды
5 күн бұрын
-
Қандас мәртебесін алғысы келетіндер үшін мемлекеттік тілден жаңа талап енгізілді
5 күн бұрын
-
Қазақстан ЖИ саласында АҚШ пен Қытайдың бірін таңдай ма: вице-министр жауап берді
5 күн бұрын
-
«Бұл - менің келесі мақсатым»: Елена Рыбакина мансабындағы жаңа белесті атады
5 күн бұрын
-
Сауд Арабиясына зымыран және дрон шабуылы жасалды: 13 адам жараланды
5 күн бұрын
-
Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 40 экономиканың қатарына кірді
5 күн бұрын
-
Қытайға кіру тәртібі өзгерді: қазақстандықтар нені білуі керек
5 күн бұрын
-
Бұрынғы министр Асхат Оралов «Әділет» партиясының басшылығына келді
5 күн бұрын
-
Доллар 300 теңге болуы мүмкін бе: экономист болжамын айтты
6 күн бұрын
-
Қазақстан корей компаниясымен бірге спутник шығаруды жоспарлап отыр
6 күн бұрын
-
Трамп Ресей мен Украина энергетикалық бітімге келді деп мәлімдеді
6 күн бұрын
-
Қала күніне арналған рухани тарту: Алматылықтарды тегін кітап жәрмеңкесі күтеді
6 күн бұрын
-
2027 жылы Қазақстандағы орташа зейнетақы қанша болады
6 күн бұрын
-
«Қытайдан озықпыз»: Трамп жасанды интеллект дамуын баяулатуға қарсы шықты
6 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттары азаматтарды жеке қабылдай бастайды
6 күн бұрын
-
Атырау қаласының әкімі қызметінен өз еркімен кетті
6 күн бұрын
-
Қазақстан мұнай өңдеу көлемін екі еседен астам арттырмақ
6 күн бұрын
-
The Finiko қаржы пирамидасының күдіктісі Түркиядан Қазақстанға жеткізілді
6 күн бұрын
-
Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сұраныс азайды
6 күн бұрын
-
Сұлулық өнімдерінің жасырын қаупі: L’Oreal қатерлі ісік тудыруы мүмкін
6 күн бұрын
-
Әлемдік мұнайдың 4 пайызына қауіп төнді: Brent 107 доллардан асты
6 күн бұрын
-
Катонқарағай әуежайының ашылу мерзімі өзгерді
6 күн бұрын
-
Таиландқа баратын қазақстандықтарға маңызды өзгеріс: жаңа тәртіп 15 қыркүйекте күшіне енеді
6 күн бұрын