$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың туыстарын жеткізу үшін ұшақ жіберілді

Абдрахманов Мағжан
12 қыркүйек 2025, 12:13
Маңғыстаудағы жол апатынан қаза тапқандардың туыстарын жеткізу үшін ұшақ жіберілді Сурет авторы: ҚР ІІМ

ІІМ Ұлттық ұланының арнайы борты Маңғыстау облысына жол апатынан қаза тапқан азаматтардың туыстарын жеткізу үшін жіберілді.

Ресми мәліметке сәйкес, бортта қаза тапқандардың туыстары бар. Олар денелерді сәйкестендіру және тиісті рәсімдерге қатысу үшін өңірге бара жатыр. Кейін осы ұшақ арқылы марқұмдардың денелері туған аймақтарына жеткізілмек.

Қаза тапқандардың арасында Қарағанды облысының бес тұрғыны және Астана қаласының бір тұрғыны бар.

"Бұл шара қаза тапқандардың отбасыларына жедел көмек көрсету, денелерді сәйкестендіру рәсімдеріне қатысу, оларды тасымалдау және кейінгі жерлеуді ұйымдастыру жұмыстарын жедел шешу мақсатында қолға алынды", – деді ІІМ ресми өкілі, департамент бастығы Шыңғыс Алекешев.

Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Маңғыстау облысында жол апаты салдарынан 10 адам қаза тапқан еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Hiace автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жол жиегіндегі сайға аударылған. Салонда жолаушылар отырған.

Апат салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екеуі ауруханаға жеткізу кезінде қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті.

Соңғы жаңалықтар