$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Маңғыстауда ер адам полиция бөлімшесінің алдында өзін өртемек болды

Абдрахманов Мағжан
21 қараша 2025 09:56 238
Маңғыстауда ер адам полиция бөлімшесінің алдында өзін өртемек болды Сурет авторы: instagram.com/112_aktau

Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында 33 жастағы ер адам полиция бөлімшесінің бақылау-өткізу бекетінің алдында өзін өртемек болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам бұл әрекетке жолда алған әкімшілік айыппұлға наразылық ретінде барған. Ол Атырауға бағыт алған жолда тәртіп бұзғаны үшін айыппұл алып, кейін Бейнеу аудандық полиция бекетіне келіп, үстіне бензин құйып, от қоюға әрекеттенген.

Алайда полиция қызметкерлері дер кезінде араласып, оның өзін өртеп жіберуінің алдын алған. Ер адам дереу дәрігерлерге жеткізілген.

«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», — деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.

Соңғы жаңалықтар