$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Маңғыстау облысында ұлттық спорт түрлері орталығының бас бухгалтері 117 млн теңге жымқырған

Редакция
17 қыркүйек 2024, 02:23
Маңғыстау облысында ұлттық спорт түрлері орталығының бас бухгалтері 117 млн теңге жымқырған Сурет авторы: Фото: Ашық дереккөз

Прокуратураның мәліметінше Маңғыстау облысында бюджет қаржысын жұмсаудың заңдылығын тексеру барысында ақша жымқыру анықталған. “2018-2023 жылдар аралығында облыстық ұлттық спорт түрлері орталығының бас бухгалтері 117 млн теңге сомасына бюджет қаражатын заңсыз жолмен иемденгені анықталды", - делінген хабарламада.

Мекеме басшысы “немқұрайлығы” үшін айыпталғанымен рақымшылыққа ұшырап, бас бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айрылған. 



Соңғы жаңалықтар