$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Маңғыстау облысында сарбаз қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
08 қазан 2025 17:32 389
Маңғыстау облысында сарбаз қаза тапты

Маңғыстау облысында ҰҚК Шекара қызметінің департаментінде сарбаз қаза тапты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиға 7 қазанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай техникалық жұмыстар кезінде қауіпсіздік шаралары сақталмағандықтан болған.

Қазір бұл фактіге байланысты қылмыстық іс қозғалып, қызметтік тексеріс басталды.

Бұл соңғы айларда тіркелген бірінші жағдай емес. Қыркүйекте Алматы облысында 19 жастағы сарбаздың өлімі тіркелді. Ресми нұсқада суицид делінгенімен, отбасы бұл нұсқаға сенбей, толық тергеуді талап етіп отыр.

Жетісу облысында тағы бір мерзімді қызметтегі сарбаз оқ жарақатынан қаза тапқан. Ал жақында Алматыда әскерге шақырылғанына бар болғаны бір апта болған жауынгер қайтыс болды. Ресми мәліметке сәйкес, өлім себебі – менингококцемия, бірақ бұл жағдай да туыстардың күдігін туғызған.

Соңғы жаңалықтар