$ 489.99 € 580.25 ₽ 6.38

Маңғыстау облысында полигонда сарбаз қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
17 ақпан 2026, 16:36
Маңғыстау облысында полигонда сарбаз қаза тапты Сурет авторы: ашық дереккөзден

17 ақпан күні Маңғыстау облысындағы «Бейнеу» полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығулары кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала мәліметке сәйкес, «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшісі қарумен жұмыс істеу барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмған.

– Аталған дерек бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталып жатыр, – делінген Құрлық әскерлері таратқан хабарламада.

Өз кезегінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы бұл іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалғанын мәлімдеді.

Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы барған. Қажетті тергеу-оперативтік шаралар жүргізіліп, сараптамалар тағайындалған.

Бас прокуратура істің тергелу барысы ерекше бақылауға алынғанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар