$ 539.49 € 627.7 ₽ 6.75

Малайзия университетінде Қазақ тілі оқытылмақ

Редакция
13 қараша 2024 02:12 1293
Малайзия университетінде Қазақ тілі оқытылмақ

Келесі жылдан бастап Малайзия университетінде (UM) тілдер және лингвистика факультетінде қазақ тілі курстары ашылады.

Олар жақын арада іске қосуды жоспарлап отырған Орталық Азияны зерттеу бағдарламасының бір бөлігі қазақ тілі болады. Бағдарлама үш нұсқаны ұсынады: факультативті курс, университеттің тілдік курсы немесе үздіксіз білім беру орталығы арқылы барлық тілек білдірушілерге арналған сабақтар.

Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі бағдарламаны іске асыруда қолдау көрсеткен. Қазақстанның Малайзия мен Брунейдегі Елшісі Болат Сүгірбаев қазақ тілі мен мәдениетін ілгерілетуге бағытталған осы бастамасы үшін университетке алғысын білдірді.

"Малайзияның академиялық ортасына Қазақ тілі мен мәдениетін енгізу туризм, бизнес және мәдени алмасу үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдіміз. Бұл бастама біздің елдеріміз арасындағы байланысты нығайтады және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді", - деді Сүгірбаев.

 

Соңғы жаңалықтар