$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Мал шаруашылығына кооперативтер арқылы субсидия беру тоқтатылады – министр

Редакция
11 ақпан 2025 04:47 2450
Мал шаруашылығына кооперативтер арқылы субсидия беру тоқтатылады – министр Сурет авторы: Kapital/ Руслан Пряников

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мал шаруашылығын дамытуға кооперативтер арқылы беріліп келген субсидиялар тоқтайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Министрдің айтуынша, жыл сайын саланы қолдауға 450 млрд теңге субсидия бөлінеді, кейде бұл сома 500-600 млрд теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. Алайда субсидияларды бөлу кезінде заңбұзушылықтар жиі анықталып, бірқатар қылмыстық іс қозғалған.

«Кооперативтер арқылы субсидия алу салдарынан ауылдағы халықтың малына қаржылай қолдау жетпей қалған жағдайлар бар. Сондықтан біз бұл жүйені өзгертуді қолға алдық. Алдағы уақытта дайын етті ет комбинаттарына өткізу бойынша субсидиялау жүйесіне көшеміз. Сонымен қатар мал өсірушілерге 5 пайыздық жеңілдетілген несие беру қарастырылып жатыр», – деді министр.

Соңғы жаңалықтар