$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Редакция
13 ақпан 2025 01:37 3298
Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі болып тағайындалды

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы “Тұран” университетін, 2003 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдаған. 2019-2021 жылдары Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, 2021-2022 жылдары Энергетика министрі болды. 2022 жылдың қаңтар-сәуір айларында Президент кеңесшісі қызметін атқарған, кейін “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясын басқарған.

Сонымен қатар Президенттің өкімімен Рустам Баялиев Мемлекет басшысының Әкімшілігіндегі Өңірлік даму мониторингі бөліміне жетекші болып тағайындалды. Бұған дейін ол 2024 жылдың қаңтар айынан бастап Президент Іс басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.

Рустам Баялиев 1975 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін “Халықаралық журналистика” мамандығы бойынша, Мемлекеттік басқару академиясын экономика бакалавры дәрежесімен аяқтаған. Әр жылдары Қаржы министрлігінде, Индустрия және сауда министрлігінде, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінде жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар