$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

Редакция
31 мамыр 2024 04:20 2055
Магомед Адиев Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметінен кетті Сурет авторы: kff.kz

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Футбол үйінде Қазақстан ұлттық құрамасының жаттықтырушылар штабымен кездесу өткізді.

Бас бапкер Магомед Адиев мұндай шешімді отбасылық жағдайына байланысты қабылдағанын алға тартып, қызметінен кетті.

"ҚФФ мұндай бағытқа да дайын болды және келесі аптаның басында жаңа бапкерді таңдайды", – делінген ҚФФ хабарламасында.

Адиев Қазақстан құрамасын 2022 жылдан бері жаттықтырып келді. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама Ұлттар лигасында өз тобын жеңіп, В дивизионына өтті, сонымен қатар Еуро-2024 жолдамасы үшін соңына дейін күресті. Бапкердің ҚФФ-мен келісімшарты 2024 жылдың соңына дейін болатын.

Ресейлік маманның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 21 кездесу өткізіп, оның 11-інде жеңіске жетіп, тоғыз рет жеңіліске ұшырады, бір рет тең түсті.

Сәуір айында Адиев ресейлік "Ахмат" клубында да бапкерлік қызметке кірісіп, Қазақстан құрамасындағы қызметін қатар алып жүрді. "Ахмат" РПЛ-ды оныншы орында аяқтады.

Соңғы жаңалықтар