$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Мәди Такиев Қаржы министрі қызметінде қалды

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 11:11
Мәди Такиев Қаржы министрі қызметінде қалды Сурет авторы: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мәди Такиев Қазақстанның Қаржы министрі болып тағайындалды. Бұған дейін оның кандидатурасын Құрылтайдың Қаржы және бюджет комитеті мақұлдаған.

48 жастағы Мәди Такиев Қаржы министрі қызметіне алғаш рет 2024 жылғы ақпанда тағайындалған.

Оған дейін Президент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі және Ұлттық экономика вице-министрі қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ әр жылдары Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде, Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде және Премьер-Министр кеңсесінде жұмыс істеген.

Соңғы жаңалықтар