$ 467.58 € 543.66 ₽ 6.44

LRT іске қосылған алғашқы күннің өзінде жолаушылар ереже бұза бастаған

Абдрахманов Мағжан
18 мамыр 2026, 10:10
LRT іске қосылған алғашқы күннің өзінде жолаушылар ереже бұза бастаған Сурет авторы: Ақорда

Астанада LRT желісі іске қосылған алғашқы тәулікте қауіпсіздік талаптарын бұзу деректері тіркелді. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.

Компания мәліметінше, кей жолаушы есіктердің жабылуына әдейі кедергі келтіріп, оларды қолмен ашуға тырысқан. Сонымен қатар төтенше тоқтату және есік ашу батырмалары себепсіз басылған.

CTS атап өткендей, жүйе толық автоматтандырылған. Сондықтан мұндай әрекеттер қауіп ретінде қабылданып, пойыздардың диспетчерлік тексеріс үшін тоқтауына әкеледі.

Барлық құқықбұзушылықтар бейнебақылау камералары арқылы тіркеледі. Жиналған материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, кінәлілер жауапкершілікке тартылады.

Компания жолаушыларды қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ LRT желісінде жоғары кернеу бар екені ескертілді.

Соңғы жаңалықтар