$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

LRT-дан 2-3 есе арзан: Шымкентте «SkyTrain» жобасы қарастырылып жатыр

Редакция
14 сәуір 2025 05:44 2142
LRT-дан 2-3 есе арзан: Шымкентте «SkyTrain» жобасы қарастырылып жатыр Сурет авторы: istock

Шымкент қаласында көлік кептелісін азайтып, жолаушылар тасымалын жеңілдету мақсатында жаңа көлік жүйесі — «SkyTrain» жобасы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденов Qazaqstan арнасының "Ақорда" бағдарламасында мәлімдеді.

Қала халқының саны алдағы 10 жылда 2 миллионға жетуі мүмкін. Қазіргі таңда күн сайын қалада 700 мыңға жуық көлік қозғалады, оның 120 мыңы — транзиттік бағытта өтетін көліктер. Бір шақырым жолға 117 көлікке дейін жиналып, кептеліс тудырып отыр.

«Метродан 3–4 есе, LRT-дан 2–3 есе арзан "SkyTrain" жобасын қарастырып жатырмыз. Шымкент қаласында 54 шақырымға рельстік жолдар соғылып, скай трейн, трамвай немесе метро салынатын болса, көлік логистикасындағы мәселе түбегейлі шешіледі», – деді Берденов.

Соңғы жаңалықтар