$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Лос-Анжелестегі орман өртінен қаза тапқандардың саны 25-ке жетті

Редакция
15 қаңтар 2025 04:50 4589
Лос-Анжелестегі орман өртінен қаза тапқандардың саны 25-ке жетті Сурет авторы: Getty Images

Лос-Анжелес округінде болған орман өртінен кем дегенде 25 адам қаза тапты. Бұл туралы CNN телеарнасы жергілікті билікке сілтеме жасап хабарлады.

Ресми деректерге сәйкес, Пасадена маңындағы өрт салдарынан 17 адам қаза тапса, Пасифик-Палисейдс ауданында тағы сегіз адам көз жұмған. Сонымен қатар бұл ауданда 13 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Лос-Анджелес полициясының өкілі Стив Эмбрич олар эвакуацияланған болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Пасифик-Палисейдс ауданындағы өртке қатысты полиция 14 адамды ұстады, оның үшеуі әдейі өрт қойған деген күдікке ілінген. Қалғандарына коменданттық сағатты бұзу, өзін өрт сөндіруші немесе полиция қызметкері ретінде таныстыру, вандализм және ұрлық айыбы тағылған. 

Соңғы жаңалықтар