$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Лос-Анжелестегі орман өртінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті

Редакция
10 қаңтар 2025 02:53 1945
Лос-Анжелестегі орман өртінен қаза тапқандар саны 10 адамға жетті Сурет авторы: Getty Images

Калифорниядағы жойқын орман өртінен қаза тапқандар саны 10 адамға көбейді. Лос-Анджелес округінің сот-медициналық сарапшылары қаза тапқан адамдардың денелерін сәйкестендіру жұмыстарын жалғастыруда, сондай-ақ олардың туыстарына хабар беру процесі жүріп жатыр.

«Идентификация процесі бірнеше аптаға созылуы мүмкін, себебі сот-медициналық сараптама департаменті өрт жағдайлары мен қауіпсіздік себептеріне байланысты барлық өлім жағдайларына бірден жауап бере алмайды», – делінген ресми мәлімдемеде.

Бұған дейін Малибуда бір адамның, Палисейдс ауданында екі адамның қаза тапқаны туралы хабарланған болатын. Сондай-ақ, бұған дейін бес адамның қайтыс болғаны белгілі еді.

Соңғы жаңалықтар