$ 519.51 € 611.83 ₽ 6.6

«Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты

Абдрахманов Мағжан
03 шілде 2025 14:02 59
Футболшы 11 күн бұрын, 22 маусымда ғана үйленген еді
«Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота жол апатынан қаза тапты Сурет авторы: Getty Images

Португалиялық футболшы Диогу Жота Испанияда жол апатынан қайтыс болды. Бұл туралы El País басылымы хабарлады.

Апат 3 шілде күні түнде Самора провинциясындағы А-52 тасжолының 65-шақырымында болған. Жота бауырымен бірге келе жатқан көлік жолдан шығып кетіп, өртеніп кеткен. Екеуі де оқиға орнында көз жұмды.

Футболшы 11 күн бұрын, 22 маусымда ғана үйленген еді.

Бұл – әлемдік футбол үшін орны толмас қайғы. Диогу Жота 2020 жылдан бері «Ливерпуль» сапында ойнап, 123 матчта 47 гол соқты. Сондай-ақ Португалия құрамасы үшін 49 матч өткізген. Ол Англия чемпионы атанып, Англия Кубогы мен Лига Кубогын иеленген. Португалия құрамасымен бірге Ұлттар лигасын екі рет жеңіп алды.

Жота бірнеше мәрте айдың үздік ойыншысы, үздік гол авторы атанған, сондай-ақ Чемпиондар лигасының символикалық үздік құрамына енген.

Соңғы жаңалықтар