$ 487.01 € 557.87 ₽ 6.59

Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы жаңа рекорд орнатты

Абдрахманов Мағжан
23 маусым 2026, 12:36
Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы жаңа рекорд орнатты Сурет авторы: Charlotte Wilson, AFP

Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік сұрмерген атанды. Аргентина құрамасы J тобының екінші турында Австрия командасын 2:0 есебімен жеңіп, 38 жастағы шабуылшы қос голдың авторы атанды.

Осылайша, Месси әлем чемпионаттарындағы голдарының санын 18-ге жеткізіп, бұрынғы рекорд иесі, Германия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Мирослав Клозенің көрсеткішінен (16 гол) асып түсті. Кездесу АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтті. 

Бұған дейін Месси Алжирге қарсы матчта хет-трик жасап, әлем чемпионаттарындағы гол санын 16-ға жеткізіп, Клозенің рекордын қайталаған болатын. Австриямен өткен ойындағы дубльден кейін аргентиналық футболшы жеке көрсеткішін жақсартты.

Қазіргі уақытта бұл рекордқа жақындай алатын ойыншылардың бірі – Килиан Мбаппе. Франция құрамасының шабуылшысы әлем чемпионаттарында 16 гол соққан.

Соңғы жаңалықтар