$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

ЛГБТ насихатына қарсы петиция: Мәдениет министрлігі шешім шығарды

Редакция
07 тамыз 2024 02:29 2552
ЛГБТ насихатына қарсы петиция: Мәдениет министрлігі шешім шығарды Сурет авторы: depositphotos

Мәдениет және ақпарат министрлігі "ЛГБТ пропагандасына қарсымыз" петициясы бойынша шешім қабылдады. Министрлік петицияны "жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды насихаттау мен культ қылудан қорғау, алшақтату талаптарына қатысты" ішінара қолдады. Бұл туралы петиция авторы, Қазақстанның ата-аналар одағы" бірлестігінің төрайымы Бағила Балтабаева Instagram парақшасында хабарлады.

Министрлік жауабында балалардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың өсуі аясында аталған талаптар өзекті және қажет деп жазған. 

"Зерттеулер мен талқылаулар қазір осы бағытта ауқымды жұмысты жалғастырып, мәселені жан-жақты зерделеп, оны реттеудің нақты тетіктерін әзірлеу қажеттігін көрсетті", – делінген жауапта. 

Арнайы комиссия петицияны 1 тамызда жария талқылаған болатын. Ол кезде де министрлік оны ішінара қолдаған.

Бағила Балтабаева қыркүйекте жұмыс тобы құрылып, заң шығатынын жазды, бірақ министрлік жауабында ол туралы ештеңе жазылмаған.

"18-жасқа дейін балаларға азғындықты насихаттайтын кез келген контент бұғатталатын болады! Кітапхана, кинотеатр, әлеуметтік желілер, қай-қайсысына болсын тыйым салынатын болады!" – деп жазды петиция авторы.

Соңғы жаңалықтар