$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қызылордада оқушы қызды құлдықта ұстаған: Сот тағы бір үкім шығарды

Редакция
13 желтоқсан 2024 08:20 2513
Қызылордада оқушы қызды құлдықта ұстаған: Сот тағы бір үкім шығарды Сурет авторы: shutterstock

Қызылорда облысының соты 21 жастағы ер адамға қатысты кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тарту және бірнеше азаматты алдау дерегі бойынша қылмыстық істі қарады.

Айыптау нұсқасы бойынша, сотталушы кәмелетке толмаған қызды бірнеше рет шантаж арқылы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Сонымен қатар ол бірнеше азаматқа бір жер телімін бірнеше рет сатқан. Сондай-ақ оларға жергілікті атқарушы органдарға жұмысқа орналастырамын деп уәде берген.

Прокурор айыпталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Қорғаушы тарап жезөкшелікке тарту бойынша ақтауды, ал алаяқтық үшін бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды өтінді.

Сот айыпталушының кінәсі дәлелденді деп тауып, оны 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сотталушыға қатысты тағы екі іс (жеңгетайлық және кәмелетке толмағанды есірткі қолдануға мәжбүрлеу бойынша) қаралып жатыр. Бұл істерде де жәбірленуші сол кәмелетке толмаған қыз болып табылады.

Бұған дейін айыпталушы осы іспен байланысты басқа қылмыс – бопсалау бойынша 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сот оны мектеп оқушысынан 700 мың теңге талап етіп, оның сөмкесінен 35 мың теңге ұрлағаны үшін кінәлі деп тапты.

Тамыз айында жәбірленушінің анасы қызының сыныптастары мен олардың туыстары оны есірткі қолдануға мәжбүрлеп, жезөкшелікке тартқанын, сондай-ақ психологиялық және физикалық қысым көрсеткенін мәлімдеген.

Бұл іс бойынша 11 күдікті тергеліп жатыр, олардың бесеуі кәмелетке толмаған.

Соңғы жаңалықтар