$ 540.18 € 628.93 ₽ 6.68

Қызылорда-Жезқазған автожолы жаңартылады

Редакция
11 қараша 2024 08:26 1845
Қызылорда-Жезқазған автожолы жаңартылады Сурет авторы: kzvesti.kz

8 қарашада «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Азия даму банкі «Қызылорда-Жезқазған» автомобиль жолын қайта жаңарту жобасына қатысты келісімге қол қойды.

Жоба аясында 208 шақырым жолды жаңартып, Қызылорда мен Ұлытау облыстарының көлік қатынасын жақсарту көзделген. Екі жолақты жолды жаңғырту нәтижесінде қозғалыс қауіпсіздігі артып, халықаралық және өңірлік сауданы дамытуға мүмкіндік туады. Жол қайта жөнделген соң, ІІ техникалық санатқа өтіп, көлік қозғалысы жыл бойы қамтамасыз етіледі, ал жол жүру уақыты 4 сағаттан 2 сағатқа дейін қысқарады.

Қазіргі уақытта Ұлытау облысында мердігерлер жер жұмыстарын жүргізіп, құрылыс материалдарын әзірлеп жатыр. Қызылорда облысында да дайындық жұмыстары басталып, қайта жаңарту келесі жылы аяқталады деп жоспарланған.

Бұл жоба өңірдегі көлік қызметін жақсартып, әлеуметтік-экономикалық дамуға серпін беріп, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға ықпал етеді. Жаңа жол жабыны мен қауіпсіздік жүйелері орнатылып, жол-көлік оқиғаларының алдын алады. Жобаны 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда

Соңғы жаңалықтар