$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қызылорда облысында өзге оқушыны ұрған баланың анасына айыппұл салынды

Редакция
16 қаңтар 2025 09:19 4894
Қызылорда облысында өзге оқушыны ұрған баланың анасына айыппұл салынды Сурет авторы: shedevrum.ai

Қызылорда облысында мектеп оқушысының басқа оқушыға қол көтергені үшін оның анасына айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға мектептің әжетханасында бесінші сабақтан кейін болған. Оқушы басқа баланың бетінен қолымен бір рет ұрған. Сот-медициналық сараптама зардап шеккен баланың денсаулығына орташа дәрежеде зиян келгенін анықтады.

Сотта бұзақылық жасаған баланың анасы құқықбұзушылық туралы хаттамамен келіскенін және ұлының әрекеті үшін өкініш білдіретінін айтты.

Сот әйелді Әкімшілік кодекстің 127-бабы «Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту бойынша міндеттерді орындамау» бойынша кінәлі деп танып, оған 55 мың теңге айыппұл салды.

Соңғы жаңалықтар