$ 546.36 € 630.44 ₽ 6.7

Қызылорда облысында қоғам белсендісі кәсіпкерлерден заңсыз 55 млн теңге жинады деген күдікке ілінді

Редакция
29 қараша 2024 08:09 4057
Қызылорда облысында қоғам белсендісі кәсіпкерлерден заңсыз 55 млн теңге жинады деген күдікке ілінді Сурет авторы: nur.kz

Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі Қызылорда облысында бірнеше қоғамдық ұйымның мүшесіне қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдікті 81 кәсіпкерден 55 миллион теңгеден астам қаржыны заңсыз алған деп айыпталып жатыр.

Агенттік мәліметінше, күдікті сенімді адамдар арқылы бұл соманы кәсіпкерлерден «Даму бала» платформасы арқылы балалар шығармашылығы мен спорт саласында көрсетілген талаптарға сай болмаған заңбұзушылықтарды тексеру актілерінен алып тастау үшін алған.

Анықталған заңбұзушылықтар қатарында спорттық құрал-жабдықтардың талаптарға сай болмауы, балалардың қатысу есебінің бұзылуы, бейнебақылау жүйелерінің толық қамтамасыз етілмеуі және балалардың қауіпсіздігіне қатысты басқа да кемшіліктер бар.

Сот күдіктіге бұлтартпау шарасы ретінде үй қамаққа алу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар