$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қызылорда облысында алимент төлемеген борышкерлер 250 млн теңге қаржыны құмар ойынға салған

Редакция
26 шілде 2024, 09:40
Қызылорда облысында алимент төлемеген борышкерлер 250 млн теңге қаржыны құмар ойынға салған Сурет авторы: freepik

Облыс прокуратурасы алимент төлеудің орнына ақшасын құмар ойынға жұмсаған 154 борышкерді анықтады. Олардың бірі букмекерлік кеңседе өз шотын 156 млн теңгеге дейін толтырған. Оның алимент бойынша 1 млн теңге қарызы болған.

Соңғы алты айда 155 жалғыз басты ананың пайдасына 91 млн теңге алимент  берешегі өндірілді. Алимент төлеуден жалтарып жүрген 147 қаскөй борышкер ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік қамаққа алу және айыппұл салу түріндегі жазаға тартылды. Өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 39 жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 18 борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталып, оның 9-ына бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қызылорда облысында алимент берешегі 380 млн теңгеге дейін төмендеп, еліміздегі  берешегі ең аз аймақтың қатарына кірді.

 

 

Соңғы жаңалықтар