$ 497.56 € 586.92 ₽ 6.44

Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар Маңғыстауға қайта оралды

Редакция
27 ақпан 2026, 11:00
Қызыл кітапқа енген қоқиқаздар Маңғыстауға қайта оралды Сурет авторы: kursiv.media

Көктем қарсаңында Маңғыстау облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген қызғылт қоқиқаздар қайта байқалды.

Құстардың өңірге оралу сәтін жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялады. Оның айтуынша, қоқиқаздар аймақта сәуір айының ортасына дейін болады. Одан кейін олар ұя салу, жұптасу және жұмыртқа басу кезеңі үшін Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағына бағыт алады.

Мамандардың мәліметінше, қызғылт қоқиқаздар маусымдық көші-қон кезінде еліміздің батыс өңірлеріне жыл сайын аялдайды. Бұл табиғи құбылыс өңірдің биоалуантүрлілігі мен экожүйесінің тұрақтылығын айқындайды.

Қоқиқаздар - сирек кездесетін және ерекше қорғауға алынған құстардың бірі. Оларды мазаламау және табиғи мекен ету ортасын сақтау - экологиялық қауіпсіздіктің маңызды шарты.


Соңғы жаңалықтар