$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қытайлық компанияға экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 1 млрд теңгеге айыппұл салынды

Редакция
28 сәуір 2025 03:53 2517
Қытайлық компанияға экологиялық талаптарды бұзғаны үшін 1 млрд теңгеге айыппұл салынды Сурет авторы: istock

Шығыс Қазақстан облысында Қытайдың "Синьсин" құрылыс және даму компаниясы экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 миллиард теңге айыппұл алды. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

Табиғатты қорғау прокуратурасының талап етуімен экология департаменті тексеріс жүргізді. Тексеру нәтижесінде компания асфальт-бетон зауыты мен тас ұсататын кешенді арнайы экологиялық рұқсатсыз пайдаланып келгені анықталды.

2023 жылдың қарашасында компанияға 1 млрд теңге айыппұл салынған еді. "Синьсин" бұл шешіммен келіспей, сотқа шағымданды. Бірақ Өскемендегі мамандандырылған сот айыппұл шешімін күшінде қалдырды.

Биыл сәуір айында компания тағы да жоғары тұрған сотқа шағымданды, алайда мұнда да сот алдыңғы шешімді өзгертпей, айыппұлды бекітті.

Соңғы жаңалықтар