$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қытайлық CNCP компаниясы Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына инвеситиция салмақ

Редакция
02 шілде 2024 07:19 3479
Қытайлық CNCP компаниясы Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына инвеситиция салмақ Сурет авторы: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов ШЫҰ аясында Қазақстанға келген China National Petroleum Corporation (CNPC) Директорлар кеңесінің төрағасы Дай Хоулянмен кездесу өткізді. Келіссөз нәтижесінде қытайлық компания Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытына инвестиция құятын болған.

Бектеновтің айтуынша, бұл келіссөз экономикалық тұрғыдан табысты әрі тиімді. Премьер-министрдің сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, Қытай компаниясы Шымкент мұнай өңдеу зауытының шикізат көлемін жеткілікті қамтамасыз ету және Кеңқияқ – Атырау, Кеңқияқ – Құмкөл мұнай құбырларын кеңейтуге инвестиция салады.

Қытайлық CNPC компаниясы қазірге дейін Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібіне $45 млрд астам қаражат салған. Ел бойынша CNPC кәсіпорындарында 30 мыңнан астам адам еңбек етеді, олардың 98,3%-ы – қазақстандықтар.

Соңғы жаңалықтар