$ 543.24 € 619.89 ₽ 6.78

Қытайдан Қазақстанға туристік пойыз қатынайтын болады

Редакция
23 мамыр 2024 08:50 1895
Қытайдан Қазақстанға туристік пойыз қатынайтын болады Сурет авторы: Dailysabah.com

Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қытайдың туристік агенттігі "Сиань — Алматы" бағытында пойыз қатынасын ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр.

"Ұйымдастыру жағын Қытай толығымен өз мойнына алады. Пойызға, жолсеріктер мен жолаушыларға толығымен өздері жауапты. Жоба іске қосылғаннан кейін өз тарапымыздан пойыз бағыттарын іске қосуға қатысты келіссөз жүргіземіз", – деді Жәнібек Тайжанов ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

29 сәуірде "Қазақстан темір жолы", "Жолаушылар тасымалы" ұлттық компаниясы басшылары мен Сиань қаласы үкіметінің (ҚХР) делегациясы қызметтік кездесу барысында Сиань қаласынан Алматыға халықаралық туристік жолаушылар пойызын іске қосу мәселелерін талқылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар