Қытай Қазақстанға одан әрі жақындай түспек
Қазақстан мен Қытай арасында алыс-беріс тағы да артады. Өйткені өткен аптаның мәжіліс отырысында депутаттар екі ел арасындағы көлік тасымалы бойынша үш бірдей заң жобасын қабылдады. Олар: Қазақстан мен Қытай Халық Республикасының арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары, Қазақстан мен Қытай арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту, сондай-ақ оның ішінде Қытай – Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздар үшін дамыту жөніндегі келісім. Жаңа заң жобасының бірқатар атап өтер тұстарына тоқталайық.
Заң жобасын көлік министрі Марат ҚАРАБАЕВ таныстырды. Ол Қытай Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі екенін атап өтті. Мәселен, тасымал көлемі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда екі жарым есеге артып, 1,8 миллион тоннаны құраған. Ал жаңа заң бұл көрсеткіштерді одан әрі арттырып, екі ел автокөліктерінің емін-еркін кіруіне мүмкіндік береді. Депутаттар заң жобасына қатысты сұрақтарын қойып, министрден бірқатар мәселеге назар аударуын сұрады. Мәселен, Ерлан Саиров бұл елдің транзиттік әлеуетін арттыратын заң екенін, алайда ол үшін ел ішінде инфрақұрылым тиісті деңгейде емес екенін жеткізді. Жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтып, сынады. Ал Айдарбек Ходжаназаров министрлік Қытаймен бәсекелесу үшін қандай шаралар жасап жатқанын сұрады. Себебі, қазақстандық тасымалдаушылар Қайтаймен бәсекелесуге қауқарсыз болуы мүмкін деген күмән бар. Бірақ министр басқаша ойлайды.
«Біздің тасымалдаушылар бәсекелестікке дайын. Өйткені, оның баршасы паритеттік негізде жүргізіледі. Яғни, жаппай Қытайдың көліктері бізге келіп, немесе біздің көліктер жаппай ол жаққа кетіп қалмайды. Мәселен, былтыр қазақстандық көліктер Қытайға 113 мың рейс жасаған. Ал қытайлықтар Қазақстанға 6 мың рейс жасаған. Оның үстіне 6 мың рейсті бізге кіріп, Хоргостан қалдырған. Ары қарай біздің тасымалдаушылар алып кеткен. Былайша айтқанда, бұл жерде есеп толықтай Қазақстан жағында», - деді көлік министрі М.Қарабаев.
Заң аясында мына бір жайтты ерекше атап өткен жөн. Қытай шекаралас мемлекеттердің ішінен ешкімге Қазақстан секілді көлік дәлізін ашпаған. Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров бұл екі ел арасындағы тығыз байланыстың көрсеткіші деп есептейді. Сондай-ақ оның айтуынша, Қазақстанның көліктері Қытайдың ішімен бірнеше қалаларына тіпті, портына дейін бара алуы өте жақсы мүмкіндік.
«Біздің жүк тасымалдаушылар Қытай елінің ішкі аймақтарына барады. Мысалы, Қытай портына жүк алып барып, ол жақтан қайта жүк алып, тек Қазақстанға ғана емес, Ресейге немесе басқа да мемлекеттерге алып баруға мүмкіндіктері бар. Менің ойымша, бұл біздің кәсіпкерлерге өте жақсы мүмкіндік»,- дейді депутат М.Ескендіров.
Жалпы соңғы кездері Қазақстан мен Қытай арасындағы алыс-беріс көбейіп кетті. Визасыз режим, сауда-саттық, туризм, темір жол және көлік тасымалы тағы бар. Осылардың барлығында қазақ мүддесі қаншалықты ескеріліп жатыр? Онсыз да ел ішінде күншығыстағы көршіге сәл болса да сескене қарайтынымыз бар екені жасырын емес.
«Біздің қоғамда «Синофофия» деген бар ғой. Бұл бізде ғасырлар бойы қалыптасқан дүние. Орта ғасырдан бері, тіпті одан да бұрын. «Қара қытай қаптаса» деген тақырып менталитетімізде бар нәрсе. Бірақ, жасалып жатқан келісімшарттар, мәселен, бүгін төрт бірдей ратификация жасалды. Бұлардың ешқайсысы ұлттық мүддемізге зардабын тигізбейді. Бұл мемлекетаралық дәрежеде, тең дәрежеде әлемдік дамудың негізінде жасалып жатқан дүние. Қазір әлем ашық. Бір бірімен аралас-құралас болып жатқан. Біз осындай кезде фобиямызды сақтап, «Ойбай» деп шекараны жауып тастауға болмайды. Әлем бір-бірімен интеграция болып жатқан кезде біз қалай іргеде тұрған бір жарым миллиард Қытайдың нарығынан қағылуымыз керек?», - дейді депутат Е.Бапи.
Заң аясында қазақстандықтар өз көліктерімен Қытайдың ішкі қалаларына осы жылдың өзінде-ақ баруға мүмкіндік туады. Министрлік пен депутаттардың айтқандарын ескерсек, бұл келісімнен ұтылғанымыздан ұтатынымыз көп болады.
Сапарғали Қанат
Соңғы жаңалықтар
-
Республика күніне орай ауқымды жеңілдіктер: Қазақстанда Republic Day және Bereke Fest акциялары басталды
13 сағат бұрын
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
1 күн бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
1 күн бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
1 күн бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
1 күн бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
1 күн бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
1 күн бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
1 күн бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
1 күн бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
1 күн бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
1 күн бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
2 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
2 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
2 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
2 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
2 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
2 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
3 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
3 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
3 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
3 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
3 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
3 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
3 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
3 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
3 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
4 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
4 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
4 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
4 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
4 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
4 күн бұрын