$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді

Редакция
14 ақпан 2025, 06:31
Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді Сурет авторы: Нұрғали Жұмағазы

Қытайда өткен Қысқы Азия ойындарында шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы алтын жүлдеге қол жеткізді. Финалда отандық спортшылар Жапония құрамасымен кездесіп, 5:0 есебімен ірі жеңіске жетті.

Шайба авторлары – Андрей Буяльский, Дмитрий Бреус, Роман Старченко және дубль жасаған Кирилл Панюков.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан хоккейшілерінің Азия ойындарындағы бесінші жеңісі. Бұған дейін құрамамыз 1996, 1999, 2011 және 2017 жылдары чемпион атанған.

Соңғы жаңалықтар