$ 509.94 € 593.88 ₽ 6.43

Қырғызстанға баратын қазақстандықтардың назарына: Ақша айырбастау ережесі қиындады

Редакция
06 қаңтар 2026, 10:16
Қырғызстанға баратын қазақстандықтардың назарына: Ақша айырбастау ережесі қиындады Сурет авторы: Informburo

Қырғызстанның Ұлттық банкі кірістерді заңдастыруға және қаржылық қылмысқа қарсы күрес мақсатында айырбастау пунктерінің жұмысына қатысты жаңа ережелерді бекітті, деп хабарлайды 24.kg.
Енді ірі немесе күмәнді операциялар кезінде айырбастау пунктері Қырғызстан азаматтарынан да, шетелдіктерден (соның ішінде қазақстандықтардан) де құжаттарды және ақшаның шығу төркінін растауды талап етуге құқылы.

Айырбастау бюролары үшін қандай міндеттер енгізілді:
• Клиенттерді және олардың құжаттарын міндетті түрде тексеру;
• Қажет болған жағдайда қаражаттың шығу көзін нақтылау;
• Ірі және ерекше (стандартты емес) операцияларға баса назар аудару;
• Күмәнді мәмілелерді тоқтату және бұл туралы Ұлттық банкке хабарлау;
• Айырбастау операциялары туралы деректерді кемінде бес жыл сақтау.

Жаңа ережелер 2026 жылдың 14 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар