$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

Қырғызстанда Ұлттық банктің бұрынғы басшысы қамауға алынды

Абдрахманов Мағжан
26 наурыз 2026, 11:23
Қырғызстанда Ұлттық банктің бұрынғы басшысы қамауға алынды Сурет авторы: ашық дереккөзден

Қырғызстанда Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Мелис Тұрғынбаев ұсталды. Бұл туралы жергілікті БАҚ ішкі істер органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметке сәйкес, 25 наурызда ол «Қырғызнефтегаз» мемлекеттік компаниясындағы жемқорлық ісі аясында тергеуге шақырылған. Сұрақ-жауаптан кейін Тұрғынбаев ұсталып, Бішкектегі уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тұрғынбаевтың туыстары мен адвокаты әзірге бұл жағдайға қатысты пікір білдірген жоқ.

44 жастағы Мелис Тұрғынбаев Ұлттық банк төрағасы қызметіне 2024 жылдың маусымында тағайындалған. 18 наурызда оның қызметінен кеткені белгілі болды, алайда отставкасының себебі нақтыланбаған.

Бұған дейін ол табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрі, сондай-ақ «Қырғызнефтегаз» компаниясының басшысы қызметтерін атқарған. Тергеу ісі дәл осы компаниядағы жемқорлық деректерімен байланысты жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар