$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қырғызстанда көк бөрі кезінде ойыншы қаза тапты

Редакция
12 наурыз 2025, 07:06
Қырғызстанда көк бөрі кезінде ойыншы қаза тапты Сурет авторы: 24.kg

Қырғызстанда көк бөрі кезінде алған ауыр жарақаттан 44 жастағы Мирлан Сраждинов көз жұмды, деп хабарлайы 24.kg.

Оқиға 12 наурызда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған көк бөрі ойыны кезінде Военно-Антоновка ауылында болған. Сраждинов көкпар кезіндегі серкені жерден көтермек болған сәтте басқа ойыншының аты оған қатты соғылған. Жарақат алған ер адам ес-түссіз жерге құлаған.

Жедел жәрдем қызметінің хабарлауынша, ер адам ашық бас-ми жарақаты салдарынан фельдшерлер келгенге дейін қайтыс болған.

Құқық қорғау органдары оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын бастады. Қайғылы оқиғадан кейін көкпар ойыны бірден тоқтатылды.

Соңғы жаңалықтар