$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі болды

Редакция
15 сәуір 2025 01:08 2368
Қырғызстанда 4 балдық жер сілкінісі болды Сурет авторы: АКИpress

14 сәуір күні сағат 22:11-де Қырғызстанның Ош қаласы маңында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 452 шақырым жерде, Қырғызстанның Ош қаласының аумағында орналасқан.

Сілкініс күші келесі елді мекендерде сезілді:

  • Ош қаласында – 4 балл
  • Қара-Сууда – 3,5 балл
  • Ноокатта – 3 балл
  • Өзгентте – 2,5 балл

Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ. Жапа шеккендер мен зардаптар туралы ақпарат түскен жоқ.

Соңғы жаңалықтар