$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Қырғызстанда 18 жастағы қыз сүйісу кезінде жігіттің тілін тістеп жұлып алған

Абдрахманов Мағжан
14 қараша 2025, 10:27
Қырғызстанда 18 жастағы қыз сүйісу кезінде жігіттің тілін тістеп жұлып алған

Қырғызстанның Манас қаласында 26 жастағы ер адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның тілінің 30 пайызы мен астыңғы ернінің 40 пайызы үзіліп кеткен.

Оқиға той үстінде болған. Сол жерде танысқан 18 жастағы қыз бен жігіт спиртті ішімдік ішкеннен кейін жақындасып, сүйіскен сәтте қыз жігіттің тілін тістеп жұлып алған.

Жәбірленуші өз күшімен ауруханаға жеткен. Дәрігерлер жарақаттанған тіндерді тігіп, тілді қалпына келтіруге тырысқанын хабарлады. Қазір ер адамның жағдайы тұрақты деп бағалануда.

Оқиға бойынша тексеру жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар