$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Қырғызстан суару маусымында Қазақстанға жіберетін су көлемін арттырады

Редакция
18 маусым 2024 09:10 1925
Қырғызстан суару маусымында Қазақстанға жіберетін су көлемін арттырады Сурет авторы: Жаирбек Бакытбаев

Қырғызстан маусымның үшінші онкүндігінен бастап Қазақстанға су беруді арттырады, деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Бұл туралы тараптар Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының 33-отырысында келісімге келді. Сонымен қатар екі өзендегі су шаруашылығы құрылыстарына жөндеу жұмыстарын жүргізу келісілді.

Келісімге сәйкес, осы суару маусымында көршілес ел Қазақстанға Шу өзені арқылы 180 миллион текше метр және Талас өзені арқылы 380 миллион текше метр су береді.

«Қазіргі уақытта қырғыз әріптестерімізбен бірлесіп су беру кестесін ұлғайту бағытында түзету жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұған дейін Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 миллион текше метр су беру туралы келісімге келген еді.

Соңғы жаңалықтар