$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Қырғызстан өз азаматтарын Ресейге әзірге бармауға шақырды

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1786
Қырғызстан өз азаматтарын Ресейге әзірге бармауға шақырды

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі өз азаматтарын аса қажет болмаса Ресейге бармауға шақырды. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрлігі консулдық департаментінің басшысы мәлімдеді.

22 наурызда Мәскеудегі «Крокус сити холл» концерт залына жасалған шабуылдан соң Ресейде мигранттарға қысым күшейген.

Қырғызстан СІМ айтуынша, Ресей билігі елден кетіп және келіп жатқан азаматтарды қатаң тексере бастаған.

«Қазір Ресей антитеррор шараларын жүргізіп жатыр. Елден шыққан, кірген азаматтарды шекарада тексеру күшейді. Сондықтан елшілік Ресейге кіруді алдын ала жоспарлауға, қажет болмаса Ресейге бармай тұра тұруға шақырады. Антитеррор шаралары қанша уақытқа созылатыны туралы ақпарат жоқ. Кей азаматтар «қара тізімде» бар не олар құқық бұзған болса, елге кіргізілмейді» деді СІМ өкілі.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, соңғы күндері тексеру және заңсыз ұстау фактілері көбейді деп шағым айтып жатқандар көп.

Соңғы жаңалықтар