$ 532.74 € 617.23 ₽ 6.77

Құтқару қызметінің диспетчері қоңырауды елемегендіктен ақтөбелік әйел қайтыс болды

Редакция
18 қыркүйек 2024 01:54 2565
Құтқару қызметінің диспетчері қоңырауды елемегендіктен ақтөбелік әйел қайтыс болды Сурет авторы: Фото: eGov.kz

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Ақтөбе тұрғыны көлік сатуға барған. Сатып алушы кездескен кезде оның мойнына белбеу тағып, тұншықтыра бастаған. Әйел 112 нөмірін теріп, "мені өлтіріп жатыр"деп айтып үлгерген. Алайда диспетчер хабарламаны елемей, әйел қайтыс болды, деп хабарлады №2 соттың баспасөз қызметі.

Кейін күдікті ұсталып, гаражынан ұрланған көлік табылған.

Сот диспетчерді 2 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, оған мемлекеттік қызметте 3 жыл жұмыс істеуге тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар