$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 15:31
Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды Сурет авторы: Ақорда

Жұма күні Құрылтай депутаттары алғашқы жалпы отырыста палата төрағасының үш орынбасарын сайлады. Бұл қызметтерге Нұрлан Бекназаров, Дания Еспаева және Динара Зәкиева ұсынылды.

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай «Құрылтай және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес төрағаның үш орынбасары болатынын айтты.

Ол бұл қызметтерге бұрын Сенат депутаты болған Нұрлан Бекназаровты, Мәжіліс төрағасының бұрынғы орынбасары Дания Еспаеваны және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, депутат Динара Зәкиеваны ұсынды.

Осылайша, жаңа бір палаталы Құрылтайдың басшылық құрамы жасақтала бастады.

Соңғы жаңалықтар