$ 457.99 € 534.15 ₽ 5.47

Құрылтай сайлауында саясаткерлерден кімдер дауыс беріп үлгерді?

Абдрахманов Мағжан
23 тамыз 2026, 09:12
Құрылтай сайлауында саясаткерлерден кімдер дауыс беріп үлгерді? Сурет авторы: Qrnews коллажы

Қазақстанда 23 тамызда Құрылтай депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Таңертеңнен бастап бірқатар мемлекеттік қызметші мен саясаткер сайлау учаскелеріне барып, дауыс берді.

Дауыс бергендердің қатарында Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент әкімшілігінің басшысы Роман Скляр, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин және Сенаттың бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев бар.

Сондай-ақ Астана әкімі Жеңіс Қасымбек, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров, Мәжілістің бұрынғы депутаты Марат Бәшімов және «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай дауыс берген.

Министрлер арасынан Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов өз таңдауын жасады. Сыртқы істер министрлігінің өкілі Дәурен Қосанов та Астанада алғашқылардың бірі болып дауыс бергені хабарланды.

Астанада 517 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Ел бойынша дауыс беру 10 423 сайлау учаскесінде өтеді. Оның 79-ы Қазақстанның 61 шет мемлекеттегі өкілдіктерінде орналасқан.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар