$ 468.88 € 534.1 ₽ 6.04

Құрылтай сайлауына 34,3 миллиард теңге бөлінді

Абдрахманов Мағжан
14 шілде 2026, 18:00
Құрылтай сайлауына 34,3 миллиард теңге бөлінді Сурет авторы: ortcom.kz

Қазақстанда Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге Үкімет қорынан 34,3 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Михаил Бортник мәлімдеді.

«Сайлау туралы» Конституциялық заңның 33-бабына сәйкес, Құрылтай депутаттарының сайлауы республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады. Үкіметтің 2026 жылғы 9 шілдедегі №593 қаулысымен сайлауды ұйымдастыруға және өткізуге Үкімет қорынан 34,3 миллиард теңге бөлінді», – деді ол.

Бортниктің айтуынша, қаржы Үкімет қорынан бөлінген. Өйткені 2026 жылға арналған республикалық бюджет былтыр қабылданған кезде Құрылтай сайлауын өткізу әлі жоспарланбаған.

Құрылтай депутаттарының сайлауы 2026 жылғы 23 тамызда өтеді. Президенттің жарлығымен Орталық сайлау комиссиясына сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру, ал Үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға қажетті қаржылық және материалдық шараларды қабылдау тапсырылған.

Соңғы жаңалықтар