$ 503.44 € 593.35 ₽ 6.55

Құрылтай қай кезде таратылады? Министр маңызды тағайындаулардың жаңа тәртібін жариялады

Редакция
26 қаңтар 2026, 12:11
Құрылтай қай кезде таратылады? Министр маңызды тағайындаулардың жаңа тәртібін жариялады Сурет авторы: BAQ.kz

Сыртқы істер министрі Ерлан Сарсембаев маңызды мемлекеттік тағайындаулар кезінде Құрылтайдың рөлі мен оны тарату негіздеріне қатысты жаңа бастаманы таныстырды. Министрдің айтуынша, егер депутаттар маңызды лауазымдарға ұсынылған кандидаттарды екі рет қатарынан мақұлдамаса, Мемлекет басшысы Құрылтайды тарату туралы шешім қабылдауға құқылы болады.

Жаңа бастамаға сәйкес, Президент Құрылтайдың келісімімен келесі тұлғаларды тағайындайды:

🔹 Вице-президентті;

🔹 Премьер-министрді;

🔹 Конституциялық соттың 10 судьясын;

🔹 Орталық сайлау комиссиясының 6 мүшесін;

🔹 Жоғары аудиторлық палатаның 8 мүшесін.

Егер Құрылтай екі рет келісім бермесе, Мемлекет басшысы оны тарату туралы шешім қабылдауға құқылы болады.

Ерлан Сарсембаев атап өткендей, мұндай тетік саяси күштерді ортақ ымыраға келуге және анағұрлым жауапты шешімдер қабылдауға ынталандыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар