$ 456.89 € 531.36 ₽ 5.32

Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша?

Абдрахманов Мағжан
10 қыркүйек 2026, 12:28
Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша? Сурет авторы: Ulysmedia коллажы

Құрылтай депутаттарының айлық жалақысы шамамен 600 мың теңгеден басталып, еңбек өтіліне қарай 1 миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Бұл туралы Құрылтай вице-спикері Дания Еспаева отырыс қорытындысы бойынша өткен баспасөз брифингінде айтты.

Журналистердің депутаттардың жалақысы туралы сұрағына жауап берген Еспаева нақты мөлшер еңбек өтіліне байланысты өзгеретінін жеткізді.

«Депутаттардың жалақысы 600 мыңнан бір миллион теңгеге дейін жетеді. Еңбек өтілі көп болса, 1 миллионға дейін жетеді. Шамамен, 960 мың теңге», – деді ол.

Осылайша, депутаттардың алатын жалақысы бәріне бірдей емес және олардың еңбек өтіліне қарай есептеледі.

Соңғы жаңалықтар