$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Құрбан айт: Қазақстандықтар дүйсенбіде демалмайтын болды

Редакция
07 маусым 2024 07:26 4303
Құрбан айт: Қазақстандықтар дүйсенбіде демалмайтын болды Сурет авторы: aikyn.kz

Биыл Құрбан айттың алғашқы күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, қазақстандықтар қосымша демалысқа шықпайтын болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл қасиетті мейрамның бірінші күні 16 маусымға түсіп тұрғанын хабарлады.

"2024 жылы 6 маусымда жаңа айдың көрінуіне байланысты биыл зұлхижжа айы 7 маусымда басталып, арапа 15 маусымға, ал құрбан айт 16 маусымға сай келеді", – делінген мүфтият таратқан хабарламада.

Ал бұған дейін ҚМДБ діни мерекелер кестесін жариялаған кезде, Құрбан айттың бірінші күні 17 маусым, дүйсенбіге түсетінін хабарлаған. Қолданыстағы заңға сәйкес, діни мейрам демалыс күндерге түссе, демалыс басқа күнге ауыстырылмайды.

"Құрбан айттың бірінші күні мұсылман күнтізбесі бойынша өтеді. Олар мейрамның алғашқы күні 16 маусым, жексенбі деп жариялады. Бұл жай да демалыс күні. Сол себепті ауыстырылмайды", - деп нақтылады Azattyq Rýhy тілшісіне еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар