$ 471.93 € 548.43 ₽ 6.61

Құрбан айт – 2026: айт намазының уақыты жарияланды

Абдрахманов Мағжан
19 мамыр 2026, 15:44
Құрбан айт – 2026: айт намазының уақыты жарияланды Сурет авторы: informburo.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылғы Құрбан айт намазының кестесін жариялады.

Мәліметке сәйкес, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында айт намазы таңғы сағат 6:00-де басталады. Елдің басым бөлігінде де намаз осы уақытта оқылады. Ал Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында намаз 6:30-да өтеді.

Айт сөзі араб тілінен аударғанда «мейрам» деген мағынаны білдіреді. Ислам дәстүрінде екі айт бар – Рамазан айт және Құрбан айт. Айт намазы екі рәкаттан тұрады және жамағатпен жария түрде оқылады, азан мен қамат айтылмайды.

Құрбан шалу – Алла Тағаланың берген нығметтеріне шүкіршілік білдіру және өткен күнәлардан арылу мақсатында орындалатын ғибадат. Бұл күні мұсылмандар құрбандыққа шалынған малдың етін отбасы мүшелеріне, туыстарына және мұқтаж жандарға таратады.

Мұндай дәстүр қоғамдағы бірлік пен өзара қолдауды нығайтуға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар